Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Тұтынушылар құқығы қай салаларда жиі бұзылады?

15-07-2023, 11:22 Думан Кенжеғазыұлы

Биылғы 6 айда тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен аумақтық департаменттерге 17 мыңнан астам өтініш түскен, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50 пайызды құрады.

Көбінесе тұтынушылардың құқықтары келесі салаларда бұзылған:
- бөлшек сауда – 40,3% (7040 шағым);
- электрондық коммерция – 27,5% (4 795);
- тұрмыстық қызмет көрсету – 9,7% (1 685);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 3,4% (597);
- және басқа салаларда - 19,1% (3341 шағым).

Комитет төрағасы Асқар Тынысбеков осы кезеңде интернет-коммерциядағы шағымдардың үлесі жағынан да, өсу қарқыны бойынша да айтарлықтай өскенін, бұл интернет-коммерция сегментіндегі жетілмегендік пен заңнамалық олқылықтарға байланысты екенін атап өтті.

«Түскен өтініштердің жалпы санының 44%-ы бойынша оң шешім қабылданып, 43%-ы консультациялық-құқықтық көмек көрсетілсе, 11%-ы құзыретіне қарай салалық мемлекеттік органдарға жіберілді. Ал 2 пайызы бойынша сотқа шағым түсірілді», - деді Асқар Тынысбеков комитеттің алқа отырысында.

Жыл басынан бері аумақтық департаменттер 94 кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жазаға тартты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жарты жыл ішінде тұтынушыларға 411 млн теңге қайтарылды.

Айта кетейік, жалпы сомасы 74 миллион теңгеден астам қаражатты массаждық орындық орнына арзан қаптамасын алған 85 тұтынушының құқығы қорғалды.

Сондай-ақ BekAir компаниясының 1861 тұтынушысының жалпы сомасы 114,3 млн.теңгеге құқықтарын қорғау бойынша жеті талап арыздың пайдасына оң шешім шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив