Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.88 585.83 6.36

«Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның Жезқазған ЖЭО-да апаттық жағдай бойынша

15-07-2023, 12:28 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 13 шілдеде сағат 21:12-де қолайсыз ауа-райы жағдайында Ақадыр-Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыратылды. Электр желісінің параметрлерінің өзгеруі Жезқазған ЖЭО-ның №7 және 11 қазандықтарының шаң қоректендіргіш қозғалтқыштарындағы жиілік түрлендіргіштерінің ажыратылуынан олардың сөнуіне әкелді. Будың болмауына байланысты №4, 7 турбиналар тоқтатылды, бұл генерацияның толық төмендеуіне әкелді.

Станцияның жұмыс режимін қалпына келтіру бір сағаттан кейін сағ.22:20-да басталды.

Технологиялық бұзушылық фактісі бойынша жан-жақты тергеу жүргізу мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің комиссиясы құрылды.

Бұл Жезқазған ЖЭО-ның толық тоқтауы бірінші рет емес екенін атап өтеміз. 19 маусым сағат 12:45-те өзінің электр қажеттіліктерін жоғалту салдарынан станция генерациясы 129-дан 0 МВт-қа дейін төмендеген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның басшылығына Жезқазған ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды.

«Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның қауіпсіз жұмыс мәселесі бойынша арнайы кеңес 2023 жылғы 17 шілде дүйсенбі күні Министрлікте өткізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив