Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Жыл басынан бері ТХКМ бойынша жүк тасымалдау 77% өсті

15-07-2023, 14:00 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Қазақстан мен Әзірбайжан теміржол әкімшіліктерінің басшылары қазақстандық жүк жөнелтушілермен және экспорттаушылармен кездесті.

«Дөңгелек» үстелге қатысушылар Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдері арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) бойынша жүктерді тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасау, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 Тараптар жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқартуға, жылжымалы құрамның тұрған жері туралы хабардар ету процесін жақсартуға, әкімшілік кедергілерді жоюға, порт инфрақұрылымын кеңейтуге және т.б. қатысты ТХКМ-ды одан әрі дамыту жөніндегі мәселелерді бірлесіп шешуге келісті.

Жыл басынан бері ТХКМ бойынша жүктерді тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,2%-ке ұлғайып, 1,3 млн тоннадан асты.

Жүк ағындарын кедергісіз және жеделдетіп өткізу және туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін бірлескен виртуалды диспетчерлік орталық жұмыс істейді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзірбайжанның жүк жөнелтушілері мен теміржолшылары арасында орнатылған тікелей байланыстар Тасымалдау процесі барысында туындайтын мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив