Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Абай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

7-02-2023, 14:03 Думан Кенжеғазыұлы
Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша Абай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Асылбек Нұғманов тағайындалды. Жаңа басшыны Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аппарат кеңесінде таныстырды. 
 
Асылбек Мұратұлы БҚО Аңқаты ауылында дүниеге келген. 2000 жылы университетті инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді. 
 
Әр жылдары Ақмола автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің эксплуатация және қабылдау жұмысы бөлімінде жетекші маман, кейін осы ведомствода сапаны бақылау бөлімінің, экономикалық жұмыс және тендерлер бөлімінің жетекші маманы м.а. болып тағайындалды. 
 
2005 жылы - «Спецдорстрой» ЖШС жобаларды басқару бөлімінің инженері. Сол жылы «Road Development» ЖШС бас инженері.
2007-2014 жылдары - «ИРМАСТ-А» ЖШС директоры.
2017 жылы - «Теміржол жөндеуі» ЖШС автожолдар құрылысы басқармасының жоба жетекшісі. 
2018-2022 жылдары - «ҚазАвтоЖол» КЕАҚ бірінші санатты менеджері болды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив