Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қорғаныс министрлігінде әскерлерді моральдық-психологиялық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

21-07-2023, 13:56 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Қарулы күштер түрлері бас қолбасшыларының орынбасарларымен, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшыларымен және әскери психологтармен кеңейтілген селекторлық кеңес өткізді.

Жеке құрамның психологиялық дайындығын ұйымдастыруда дәйекті және жүйелі жұмыс істеу қажеттілігіне ерекше назар аударылатын болады. Министр орынбасарының айтуынша, бұл қызмет тек психологиялық тестер мен жеке әңгімелер жүргізумен шектелмей, сонымен қатар әскерлердің күнделікті және оқу-жауынгерлік қызметіне қатысу болуы керек.

– Жұмыс кабинет деңгейінде ғана емес, казармада, полигондарда, қарауылда, жауынгерлік машиналар парктерінде де атқарылуы қажет. Саябақ-шаруашылығы күні барысында сарбазбен кездесіп, әңгімелесіп, қызметтің қалай өтіп жатқанын, үйдегі, отбасындағы хал-ахуалды білу қиын емес, – деді генерал-лейтенант С. Камалетдинов.

Сабақ барысында ол жауынгерлік даярлық бойынша төмен баға алған, үйреткенге немқұрайлы қарайтын, шынықпаған, әлсіз және қызметке бейімделуде қиындықтарға тап болған әскери қызметшілерге ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

Бөлім командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарларына арнаған сөзінде Министрдің орынбасары қарауылға және жауынгерлік кезекшілікке түсетін әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйіне мониторинг ұйымдастыру қажеттігін мәлімдеді.

Кеңесте оқу-жаттығу барысында, взводтарды, роталар мен батальондарды үйлестіру кезеңдерінде психологтар бөлімше командирлерімен жұмыс істеуі тиіс екені атап өтілді. Оларға жас жауынгерлердің, запастан шақырылған офицерлердің және кадет түлектерінің ұйымдастырушылық қасиеттерін қалыптастыруға көмектесу, шешім қабылдау кезінде психологиялық кедергіні жеңуге үйрету керек деді.

Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов сондай-ақ армия ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүйелі негізде жүргізілуі қажет деді.

Кеңес қорытындысы бойынша тәрбие және идеологиялық жұмыс органдарының қызметіне бақылауды күшейтумен қатар, психологиялық қызмет мамандарына жан-жақты әдістемелік көмек көрсету тапсырылды. Басшылық құжаттардың талаптарын орындауға және психологтардың кәсіби деңгейіне назар аударылады. Ойынға тәуелділіктің зияны мен оның құқықтық салдарын түсіндіру бойынша жұмыстар ұйымдастырмақ. Әскери қызметшілерге даулы жағдайды шешу, ұйымдастырушылық қабілеттерін және күйзеліс кезінде төзімділікті дамыту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тренингтер өткізуді назарға алуды жүктеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив