Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Абай облысының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына басшы тағайындалды

7-02-2023, 15:41 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аппарат кеңесінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысын таныстырды. Ол қызметке Әсет Сүлейменов тағайындалды.

Әсет Сүлейменов әр жылдары «Өскемен жылу желілері» АҚ инспектор-бақылаушы, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сәулет-құрылыс бақылау және инспекция бөлімінің бас маманы м.а. қызметтерін атқарды.

2011-2013 жылдары - Риддер қаласы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 

2014-2015 жылдары - «Семей қаласы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2015-2020 жылдары - «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.

2020-2021 жылдары - Өскемен қаласы «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив