Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Үкімет Семей қаласының желілерін жаңғыртуға 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

27-07-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жөндеуге ҚР Үкіметінің резервінен 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. 

Семей қаласының жылу желілерінің ұзындығы 322 шақырым, оның 68%-ы тозған. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған (1966 жылы іске қосылған). Өткен жылыту маусымында қала желілерінде 337 апатты жағдай орын алды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21%-ға артық. 

Семей қаласын жылыту маусымында сапалы қызметпен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жылу желілерінің тозығы жеткен бөліктерін анықтады, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сараптамадан оң қорытынды алды.

Үкімет резервінен бөлінген қаржыға Семей қаласындағы желілік сорғыларды ауыстыра отырып, 1-ЖЭО-дан 1, 2, 3, 4 павильондарға дейін 5,8 шақырым магистралдық жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив