Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған семинар

28-07-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда NEET санатындағы жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған үш күндік семинар-тренинг басталды.

Іс-шараға еліміздің он үш өңірінен келген жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысып жатыр. Семинар барысында олар NEET санатындағы жастарға кеңес беру дағдыларын меңгеріп, жұмыстың жаңа әдістерімен танысады.

Семинар-тренинг ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында ұйымдастырылды.

  • Анықтама ретінде,

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың бірінші тоқсанында елімізде NEET санатындағы жастар - жалпы жастар санының 7,9% (14-34 жас) құрады. Алматы қаласының көрсеткіші 8,3% (53 803 адам).

Сонымен қатар, Алматы қаласының Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің саны 21 адамды құрайды. Яғни, орталықтың әр қызметкеріне 2562 (уақытша жұмысқа орналаспаған) жас келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив