Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семей медицина университетінің білікті, тәжірибелі дәрігерлері Түркияға аттанады

8-02-2023, 09:34 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректор А. Дюсуповтың шешімімен университеттің білікті, мықты дәрігерлері Түркия Республикасындағы жер сілкісінен зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу үшін Түркия еліне аттануға дайын.

Олардың қатарында: Б. С. Буланов атындағы жүрек-тамыр және торакалды хирургия кафедра меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, Ангиохирург (тамырлы хирург) – Мерей Нуриденович Иманбаев, шұғыл медицина кафедрасының доцент м.а., жоғары санатты дәрігер терапевт, пульмонолог - Жанар Маратовна Уразалина, шұғыл медицина кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер хирург - Мирлан Кайртаевич Хакимов, терапия кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер терапевт - Айсулу Сарсенгазыевна Жунуспекова, әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, медицина қызметінің полковнигі - Шынгыс Оразмухаметович Орынбасаров, госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер, анестезиолог реаниматолог - Сауле Владимировна Альпищева, жоғары санатты дәрігер хирург, доктарант - Жасулан Ошанович Кожахметов бар.

Семей медицина университетінің ұжымы бауырлас түрік халқына қайғырып көңіл айтады және университет мамандарынан құрылған топ зардап шеккен өңірлерге көмекке аттанады. Қазақ елі Cіздермен бірге!

Пікірлер (1)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Islam

Соболезную всем кто как то связан с этой трагедией. SMU молодцы, лучший мед универ Казахстана

Ответить 8 Ақпан 2023 19:15