Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады

8-02-2023, 10:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту үшін Түркияға ұшады. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.

ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.

Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын болады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды.

ТЖ министрі Юрий Ильин құтқарушыларды жөнелтудің алдында   нұсқаулық өткізді. Ол құтқарушыларға адамдарды іздеу және құтқару бойынша жауапты міндеттер жүктелгенін, сондай-ақ Түркия азаматтарының жер сілкінісінің салдарымен тезірек күресу мүмкіндігіне деген үмітін атап өтіп, құтқарушыларға туыстары мен жақындары арасына аман-есен оралуын тіледі.

Түркияға жіберілген қазақстандық құтқарушылар тәжірибелі мамандар болып табылады, олардың азаматтарды құтқаруда және әртүрлі төтенше жағдайларды жоюда практикалық дағдылары мол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив