Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ЕРДО Career Enbek ҰБЖ цифрлық платформасын әзірлеуде

29-07-2023, 15:04 Думан Кенжеғазыұлы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Career Enbek цифрлық платформасын әзірлеуде, ол Ұлттық біліктілік жүйесінің (бұдан әрі – ҰБЖ) барлық қатысушылары үшін тиімді өзара іс-қимыл алаңына айналады.

Career Enbek – бұл Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылын, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері, кәсіптік стандарттар, кәсіптер тізілімі және т. б. сияқты ҰБЖ базалық құралдары бойынша, еңбек нарығында мансапты дамыту бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйе.

Career Enbek-те пайдаланушыға кәсіптік біліктілікті танудың аккредиттелген орталықтарының тізімімен танысуға және таңдалған мамандық бойынша емтиханға жазылуға мүмкіндік беріледі. Платформа біліктілік пен дағдыларды бағалау мен тануды ұйымдастыру процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде мемлекеттік органдар шаблондарды немесе онлайн макеттерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде кәсіптік стандарттарды әзірлеп, өзектендіре алады, оларды редакциялап және талқылауға жібере алады.

Әзірлеушілерге ыңғайлы болу үшін Career Enbek өрістерді автоматты түрде толтыру үшін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы, Ұлттық кәсіптер сыныптауышы  сияқты және т.б. әртүрлі анықтамалықтар жинақталады.

Career Enbek-те сала, қызмет түрі, кәсіптік стандарттың немесе кәсіптің атауы бойынша сүзгіден өткізілетін кәсіптік стандарттарды іздеу жүйесі жұмыс істейтін болады.

Кәсіптер тізілімі, сондай-ақ жұмыс берушілердің кәсіптер мен дағдыларға қойылатын талаптарының базасы пайдаланушыға еңбек нарығында қандай кәсіптер мен дағдылар сұранысқа ие екенін білуге көмектеседі.

Career Enbek ресми іске қосылғаннан кейін Enbek, Skills Enbek, Business Enbek және HR Enbek сияқты платформалармен қатар цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінде  орын алады.

Career Enbek платформасының мүмкіндіктері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және 25 кәсіптік біліктілікті тану орталығының (бұдан әрі – КБТО) өкілдеріне таныстырылды, оларға платформаның функционалы: аккредиттелген КБТО-ны тіркеу, жеке кабинеттерде профильдерді толтыру және басқа да функционал көрсетілді.

Сондай-ақ, Қазақстанда Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша семинарлар циклі шеңберінде мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері Сareer Enbek мүмкіндіктерімен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив