Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысының әкімдігі биылғы оқу жылына 200 грант бөлді

2-08-2023, 10:15 Думан Кенжеғазыұлы

2023-2024 оқу жылына жергілікті бюджеттен бакалавр мамандығына 200 грант бөлінді (Абай облысы әкімінің гранты).

Грант иегерлерінің тізімі 20 тамызда білім басқармасының сайтында жарияланады.

Білім беру грантын иеленетін үміткерлерге тағайындалатын жеңілдіктер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген жеңілдіктер негізінде жүзеге асады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер кемінде 70 балл жинауы тиіс.

Құжаттарды жоғары оқу орындары қабылдайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі: өтініш; білімі туралы құжат (аттестат немесе диплом қосымшасымен) - түпнұсқа; жеке куәлігінің көшірмесі; 075/У үлгісіндегі анықтама; тест нәтижесі көрсетілген сертификат; 3*4 фотосурет – 4 дана)

Облыстың еңбек нарығында жоғары білімі бар кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік тапсырыс негізінде 200 орын көзделген, білім беру грантының 190 орны – педагогикалық, экономикалық, техникалық, құрылыс, медициналық, ауыл шаруашылығы және IT мамандықтарына арналған. Бұдан бөлек, теологтар мен дефектологтардың қажеттілігіне байланысты 10 білім гранты бөлінді

Гранттар туралы толық ақпарат білім басқармасының ресми сайтында орналастырылған. Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын (әкім грантын) беру конкурсына қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 5-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Осы жылдың 19 тамызында конкурстық комиссияның отырысы өтіп, сонда грант иегерлері анықталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив