Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.73 558.99 6.63

Қазақстанда ҚПҚ барлауға құқық беретін алғашқы онлайн-аукцион өткізілді

2-08-2023, 11:24 Думан Кенжеғазыұлы

1-ші тамызда елімізде қатты пайдалы қазбаларды барлауға құқық беретін бірінші электронды аукцион өткізілді.

Аукцион қорытындысы бойынша қол қою бонусының жалпы сомасы 15 лот бойынша 950 млн теңгеден асты.

Аукционға Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Абай облыстарындағы жер қойнауы учаскелері қойылды.

Оның нәтижесінде қол қою бонусының ең үлкен мөлшерін ұсынған жеңімпаздар анықталды.

Аукционды өткізу қағидаларына сәйкес қол қою бонусы аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей республикалық бюджетке төленуге тиіс.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив