Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Алматы облысында парашюттік спорттан Қазақстан мен Қарулы күштердің ХХХ ашық чемпионаты басталды

2-08-2023, 14:47 Думан Кенжеғазыұлы

Жеке-командалық біріншілікте классикалық парашют спортынан жарыстар ҚР Қарулы күштерінің Парашюттік даярлық орталығында өтеді.

Оған Әуе қорғанысы  күштерінің, 32039 әскери бөлімінің, «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігі аэроклубының, авиациялық өңірлік спорт федерациясы, Қарағанды қаласының авиациялық-құтқару парашюттік орталығының командалары қатысады.

Жарысқа халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлері мен спорт шеберіне кандидаттар, разрядты спортшылар құрамында барлығы 14 команда қатысады.

Жеке есепте Қазақстанның әр өңірінен 13 қатысушы бағын сынамақ, олардың ішінде үшеуі қыз.

Жарысқа қатысушылар 900-1200 метр биіктіктен дәл қону жеке және топтық секірулерді, одан бөлек 2200 метр биіктіктен жеке акробатикалық секірулерді орындайды.

Чемпионат қорытындысына қарай Қарулы күштер мен Қазақстанның парашют спортынан құрама командалары жасақталатын болады. Нәтижесі 2023 жылдың 5 тамызында шығады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив