Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Соңғы 3 жылда қазақстанда экотуристер саны 2 есе артты

4-08-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Соңғы 3 жылда Қазақстанда экотуристер саны 2 еседен астам өсті. Егер 2020 жылы экотуристер саны 985 мың болса, 2022 жылдың соңында олардың саны 2 млн-ға жетті.

«Бұл Қазақстандағы экологиялық туризмнің даму динамикасы және елдегі экотуризм мәдениетінің қалыптасқанының көрсеткіші. Сондай-ақ республиканың ұлттық саябақтарында жаңа туристік нысандар: визит-орталықтар, кемпингтер мен глампингтер салынып жатыр. Онда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері және т.б. туралы ақпарат беріледі. Мысалы, «Аюсай» визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әр түрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар сағат 22:00-ге дейін оралмаса, визит-орталық қызметкерлері іздеуді бастайды»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы 2 жылда Қазақстанның ұлттық парктерінде 14 визит-орталық ашылды, оның 7-і жеке инвесторлардың қаражатын тарта отырып салынды. Сонымен қатар, елдегі глампингтер саны биыл 38-ге жетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив