Отбасының цифрлық картасы арқылы қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алуда
Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) аясында қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласында өзіне тиесілі мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде алып, оның оң әсерімен бөлісуде.
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Солихамо Содикова 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны рәсімдеу бойынша тәжірибесімен бөлісті.
«Телефоныма менің деректерім бар хабарлам келді. Тек оларды растау керек болды. Бір жаққа барудың, құжат пен өтінім тапсырудың қажеті болмады. Хабарламаға жауап берсең болды, барлығы дайын! Бұл өте ыңғайлы, маған ұнады, қызметтерді жеңіл әрі тез аласын», – деді Солихамо.
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптасқан. Бүгінгі таңда жүйеде 19,7 млн-нан астам еліміздің азаматтарының немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
Азаматтар қандай да бір өмірлік қиын жағдай тап болған кезде олардың базада тіркелген ұялы нөмірлеріне тиесілі қолдау шарасы көрсетілген SMS хабарлама жіберіліп, оған бірден жауап беру арқылы қызмет алу уақытын едәуір қысқарта алады. Ал өтінімді ресімдеу үшін ХҚКО немесе басқа мекемеге жүгінудің қажеті болмайды.
Жыл басынан бері 536 мыңнан астам хабарлама жолданып, оларға 192 мыңнан астам адам өтінішсіз өз төлемдері және жәрдемақыларын алды.
Айта кету керек, осы немесе өзге де мемлекеттік қызметті проактивті алуға мүмкіндік беретін SMS-тен басқа, ОЦК көмегімен зейнеткерлік жасына жетпей 2 ай бұрын зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы, берілген/ұзартылған «қандас» мәртебесінің аяқталу мерзімі туралы, сондай-ақ жұмыссыздарға жұмыс іздеу, тегін оқудан өту мүмкіндіктері және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы автоматты хабарламалар тетігі іске асырылды.
Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында тек 1414 Бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беріп, қосымша сұрақтар бойынша 1414-ке хабарласуға болады.