Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

ҚР ҰЭМ-де орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды

9-08-2023, 14:13 Думан Кенжеғазыұлы

Жиынға Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, Қаржы министрлігі және Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында салық заңнамасын, Кәсіпкерлік кодексті, мемлекеттік қолдау жүйесін және басқа да шараларды жетілдіру жолымен орта кәсіпкерлікті дамыту тәсілдері талқыланды.

Министр атап өткендей, бұл шаралар кәсіпкерлік субъектілерінің кірістерін арттыруға және шағын кәсіпорындарды ірілендіруге ынталандыруы тиіс. Шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа тәсілдері заманауи талаптарға сай және жүйелік мәселелерді шешуі керек. Жалпы, айтылған ұсыныстар қосымша зерделенетін болады.

«Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірлік және салалық ерекшеліктерді ескере отырып, басым салалар бойынша өңірлік деңгейде бизнесті дамытудың салалық бағдарламаларын әзірлеу қажет», - деді Р. Баталов.

Елдегі орта кәсіпорындар экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады. 2022 жылы аталған субъектілер 9,7 трлн. теңгеге өнім шығарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив