Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Республикалық Абай оқуларында 56 оқушы жеңімпаз атанды

10-08-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды:

? I дәрежелі дипломмен — 13 қатысушы;
? II дәрежелі дипломмен — 19 қатысушы;
? III дәрежелі дипломмен — 24 қатысушы.

Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:

?«Бас жүлде» — Шығыс Қазақстан облысы;
? 1 орын — Абай облысы;
?2 орын — Қарағанды облысы;
? 3 орын — Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары.

Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив