Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ЕАЭО-да кооперацияны қаржыландырудың жаңа тетігі іске қосылады

10-08-2023, 11:05 Думан Кенжеғазыұлы

ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары 2023 жылғы 25 мамырда Мәскеу қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ЕАЭО-дағы кооперациялық өнеркәсіптік жобаларға қаржылай жәрдемдесудің жаңа тетігі туралы келісті.

Осы мақсатта «Еуразиялық бестіктің» Президенттері ЕАЭО туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.

Кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдемдесу халықаралық және ұлттық қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жолымен жүзеге асырылатын болады (қаржы ұйымдарының тізбесін ЕЭК Кеңесі айқындайтын болады).

ЕАЭО бюджетінде қаржылық көмек көрсетуге жыл сайын арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарынан мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсетін түсімдердің жалпы сомасының 10 пайызы мөлшерінде қаражат көзделетін болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша жыл сайынғы сома шамамен 20 млн. АҚШ долл. болады. Бұл шамамен 189 – 200 млн. АҚШ долл. сомаға жобаларды қолдауға мүмкіндік береді.

Қазір тараптардың сарапшылары бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеудің жалпы критерийлері, қарыз алушыларға, халықаралық және ұлттық кредиттік ұйымдарға қойылатын талаптар, өтінімдерді беру, қарау және мақұлдау рәсімдері және т. б. туралы уағдаласуда.

Бұдан басқа, ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қаржылық көмек көрсету бағдарламасына қатыса алатын өнеркәсіп салаларының тізбесін айқындайтын болады.

Тұтастай алғанда, кооперацияны қаржыландырудың жаңа тетігі ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамытуға және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді енгізуге ықпал ететін болады.

Қолдаудың жаңа шарттары отандық кәсіпорындарға маңызды стратегиялық жобаларды іске асыруға, бірлесіп өндірілген өнім шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді және қосымша жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді, бұл тұтастай алғанда Қазақстан өнеркәсібінің дамуына және тұтастай экономикаға оң әсер етеді.

Қаржыландырудың жаңа форматы 2024 жылы іске қосылуы жоспарлануда, ол одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 5 жыл бойы жұмыс істейтін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив