Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.87 535.09 5.42

Қазақстанда республикалық «JARQYRA» кастингі басталды

12-09-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Елімізде ауқымды жоба – республикалық «JARQYRA» кастингі басталады. Іріктеу 15 қыркүйек күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін бірдей Қазақстанның 19 қаласында, мәдениет мекемелерінің базасында өтеді.

Жобаның мақсаты – аймақтардағы таланттарды анықтап, оларды отандық киноиндустрияға тарту. Кастингтен сәтті өткен қатысушылар Орталықтың актерлік базасына енгізіліп, болашақ кино жобаларға қатысуға үміткер бола алады.

Іріктелген кандидаттардың деректері Орталықтың ресми сайты www.kazakhcinema.kz порталындағы онлайн актерлік базасына тіркеледі. Бұл платформа жаңа есімдерді іздеп жүрген продюсерлер мен кинокомпанияларға қолжетімді болмақ.

Мұндай жобалар Мемлекет басшысының мәдени саясатты жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асып, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жүйелі басшылығымен жалғасып келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив