Абай облысында қандастар мен қоныс аударушыларға қандай көмек көрсетіледі
Абай облысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау белсенді жүруде.
Абай облысы құрылғалы 2022 жылы 302 адамға қоныс аудару өңірлік квотасы бекітіліп, ол 100 % толығымен орындалды.
2023 жылы қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 434 адам. Бүгінгі күні 80 қандас, 206 қоныс аударушылар квотаға енді.
Ұлттық жоба аясында қандастар және оның әр отбасы мүшесіне мемлекеттік субсидия түрінде келесі мемлекеттік қолдау:
-
көшіп келуге бір реттік 70 АЕК (241500 теңге);
-
тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын жабу үшін 15-30 АЕК;
-
тұрғын үйді сатып алуға немесе баспана құрылысына 4 млн теңге көлемінде сертификат қарастырылған.