Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Шэньчжэньде алғашқы ірі қазақ-қытай бизнес-форумы өтті

17-08-2023, 12:30 Думан Кенжеғазыұлы

Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласының 200-ден астам кәсіпкері 2023 жылғы 14 тамызда қазақ-қытай бірінші бизнес-форумына қатысты. Қазақстан-Қытай саудасына жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Service Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру үшін болашақ қытайлық инвесторларды жинады.

Форумның ашылуында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин екі ел халықтары арасында қалыптасқан тығыс байланыстарын атап өтті.

«Біздің елдер, мәдениеті пен экономикасы бұрыннан келе жатқан достық және серіктестік қатынастармен тығыз байланысқан Мемлекет  басшылары жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударады. Жақын арада визасыз режимді ашуды пысықтап жатырмыз. Бұл мәдени-гуманитарлық және экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға айтарлықтай серпін беретіні сөзсіз», — деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьер Қазақстанға тартылатын инвестициялардың негізгі үш бағытын айқындады. Біріншісі – логистика, ол қолданыстағы бағыттарды дамытып, жаңа бағыттарды ашуды, инфрақұрылым жүргізіп, жүктеу-түсіру орталықтарын ашуды көздейді. Осы бағыт ірі көлік операторлары үшін ерекше қызығушылық тудырады.

«Бүгінде шекара маңында сауда-экономикалық хабтар, логистикалық орталықтар желісі құрылуда, олар әрі қарай кеңейту әлеуеті бар ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің негізі болмақ. Қазақстанның әр облысындағы ерекшеліктерді ескере отырып құрылған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бар. Оларға салықтық преференциялар пулы ұсынылып, арнайы құқықтық режим қолданылады. Салықтар мен баждарды төлеуден босату түріндегі инвестициялық преференциялармен қоса, жақында инвесторларға бастапқы кезеңде жүктемені азайтуға бағытталған инвестициялық салық несиесі енгізілді. Яғни инвесторларға корпоративтік табыс салығы және (немесе) мүлік салығы аясында төлемдерді үш жылға дейінгі мерзімге 100%-ға төмендету мүмкіндігі беріледі», — деді С. Жұманғарин.

Бүгінгі таңда Қытай шекарасында кедергісіз сауданы дамыту үшін «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА қалыптастыру толығымен аяқталды. АЭА инфрақұрылымына индустриялық және логистикалық аймақтармен қатар, 2015 жылы елдің шығысында жүктерді жинау мен тарату үшін іске қосылған құрғақ порт кіреді. 2014 жылы Ляньюньган портында қытайлық серіктестермен бірлестікте логистикалық терминал құрылды, ол бүгінде Қазақстанға/Қазақстаннан жүктерді жинайтын негізгі бекет болып отыр. )9р5а0 порт Қытаймен шекарадағы «Жетіген – Қорғас» теміржолы және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралімен технологиялық байланыс негізінде және ірі көлік-логистикалық операторларды тарту арқылы Еуразиялық трансконтиненталдық тасымалдарды дамытудың жаңа кезеңін ашты.

Вице-премьер инвестициялар үшін екінші бағыт ретінде өнімді терең өңдеуді, ал үшінші бағыт ретінде ауыл шаруашылығын атап өтті.

Анықтама: Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауда 2022 жылы рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, $24,1 млрд-қа жетті. Атап айтқанда, қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты үштен бірден астамға өсіп, $13,2 млрд болды. Импорт 33,5%-ға өсіп, $11 млрд-ты құрады. Елдер арасындағы сауда-саттық 2023 жылғы бірінші жартыжылдықта 20,5%-ға артып, $13,6 млрд-ты құрады, оның ішінде $6,3 млрд қазақстандық экспортқа тиесілі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив