Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қуаныш Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

17-08-2023, 14:12 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Tulane University және Harvard University (АҚШ) бітірген.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры. 

2021 жылғы маусымнан бастап ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып жұмыс істеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив