Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Серік Жұманғарин Шаньдун шет аймағының партия комитеті хатшысымен кездесті

18-08-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Қытайға жасаған жұмыс сапарының екінші күні Цзинань қаласындағы Шаньдун шетаймағы парткомының хатшысы Лин У мырзамен кездесуден басталды.

Қазақстанның вице-премьерінің Цзинаньға келуін Лин У мырза Қазақстан мен Шаньдун арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жаңа бағытының ашылуы деп бағалады.

«Қазақстан мен Қытай – тату көршілер, сенімді достар әрі серіктестер. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сианьға жасаған мемлекеттік сапары және осы жылдың наурыз айында өткен «Қытай – Орталық Азия» саммитіне қатысуы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарының ашылуына, қазақ-қытай ынтымақтастығының «алтын 30 жылдығына» көшуге негіз болды», — деді Лин У құттықтау сөзінде.

Шаньдун шет аймағы – халық көп шоғырланған, экономикалық және мәдени дамыған аймақ, ол арқылы Хуанхэ өзені өтеді. Халық саны 100 млн адамнан асады. ЖІӨ көлемі бойынша шет аймақ елде 3-ші орынға ие. 

«Біз ауыл шаруашылығы, машина жасау, ақылды тұрмыстық техника жасаудағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайынбыз», — деп атап өтті Лин У.

Серік Жұманғарин өз тарапынан стратегиялық ынтымақтастықтың негізі ретінде екі елдің көшбасшылары арасындағы тату көршілік және достық қарым-қатынасты атап өтті.

«Біздің өзара сауда нәтижелеріміз ауқымды, Шаньдун шет аймағы Қазақстанмен сауда көлемі бойынша ШҰАР, Пекин және Ганьсу шет аймақтарынан кейін төртінші орында тұр. Өткен жылы Қытаймен жалпы тауар айналымының көлемі $24,1 млрд-ының $2 млрд-ы Шаньдунмен сауда-саттық құрады. Жақында Астана мен Алматыда ШҰАР партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйды қабылдау құрметіне ие болдым. Сонда ол Шыңжаң саясаты «Шыңжаң – Қытайдың ашық батыс қақпасы» деп дамудың жаңа векторын белгілегенін мәлімдеген болатын. Шаньдун шет аймағы өз елінің ашық шығыс қақпасына айналуын ұсынуға рұқсат етіңіздер», — деді ол.

Тиімді логистика мен көлік жолдарының дамыған инфрақұрылымы – Шаньдунмен ынтымақтастықты күшейтудің негізгі перспективалық бағыттарының бірі. Дамудың негізі қазірдің өзінде бар. 2022 жылдың желтоқсанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және ҚХР-дың ең ірі порт операторы Шаньдун порт тобы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның шеңберінде тараптар мультимодальды контейнерлік сервистер мен цифрлық өнімдерді дамытуға уағдаласты.

Сапар нәтижесінде Серік Жұманғарин Линь Уға қыркүйек айына жоспарланған Қазақстанға сапары барысында бизнес өкілдерімен кездесулер өткізуді ұсынды.

«Ауыл шаруашылығындағы өндіріс пен терең өңдеу, тау-кен өнеркәсібі, агрономия, сауда-логистикалық кешендердің құрылысы және т. б. салаларда екі ел кәсіпкерлері арасында диалог болады деп сенемін. Президентіміз Қытаймен саяси-экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынастарын дамытуға үлкен мән беріп отыр, біз ұзақ мерзімді әрі тиімді жұмыс істеуге бекініп отырмыз», — деді С. Жұманғарин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив