Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Локомотив құрастыру зауыты 500-ші өнімін шығарды

22-08-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Озық технологиялар мен инновациялық тәсілді енгізу, сондай-ақ жұмысы жолға қойылған кәсіби ұжым «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-на теміржол техникасын өндіріп, ішкі және сыртқы нарықтағы көшбасшылардың біріне айналуға мүмкіндік берді_

2009 жылы құрылған кәсіпорын сан алуан сипаттағы локомотивтің 10 түрін шығарып келеді. Биыл 17-ші тамызда зауытта 500-ші локомотив құрастырылып, шығарылды.

Кәсіпорынның өнімдері жоғары сапаға ие болғандықтан елімізден бөлек шет мемлекеттерде отандық теміржол көлігіне деген сұраныс жоғары.

Айталық, қазір қазақстандық техниканы Әзірбайжан, Украина, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Молдова елдері сатып алып, пайдаланып жүр.

Компания нарыққа озық өнімдерді ұсыну үшін өндірістік ғылыми-зерттеулер мен тиімді шешімдерге басымдық беріп, инвестицияны ұдайы салып келеді. Зауыттың өндірістік процесті тиімді жолға қою арқылы құрастырылатын техниканың сапасы артып, орынсыз шығындар азайып, экологиялық қауіпсіздік нығая түсті. Компанияның жоспарында өндіріс көлемін ұлғайту, инновациялық шешімдерді енгізуді одан әрі жетілдіру және сауда нарығының географиясын кеңейту мен жаңа модельдерді дайындау көзделген.

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ еліміздегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі болып саналады. Компанияның табысты жолы отандық өнеркәсіптің әлемдік деңгейдегі жоғары әлеуетін байқатып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив