Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚР ҰЭМ бүкіл ел бойынша коммуналдық кәсіпорындарды тексеруді жалғастыруда

22-08-2023, 09:19 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл жұмыс «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.

Тамыздың 14-18 аралығында 18 өңірде 29 табиғи монополия субъектісі қамтылды:
Астана қ. – «Астана-теплотранзит» АҚ;
Алматы қ. – «Алматы электр желілері» АҚ;
Алматы обл. – «Теміржолсу-Алматы» ЖШС;
Ақтөбе обл. – «Ұлы Борсық» КМК, «Aqtobe su-energy group» АҚ;
Атырау облысы – «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ;
Қостанай обл. – «Зотобольск ЖЭС» КМК, «ЭПК-forfait» ЖШС, «Қостанай ЖЭС» МКК;
Ақмола облысы – «Көкшетау Энерго» ЖШС;
Ұлытау обл. – «Жылумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ;
БҚО – «Батыс Қазақстан аймақтық электржелілік компаниясы» ЖШС;
СҚО – «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ;
Абай обл. – «БЭСК» АҚ;
Маңғыстау обл. – «Каспи жылу, су арнасы» МКК;
Қарағанды облысы – «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, «ҚАЭК» ЖШС;
ШҚО - «Теплоэнергия» МКК, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Күршім» МКК, «Самар» МКК, «Өскемен жылу желілері» АҚ, «Алтай КомХоз Сервис» КМК;
Павлодар обл. – «Павлодар Энерго» АҚ, «Горэлектросеть» ЖШС;
Қызылорда обл. – «Қызылорда Жылу электр орталығы» МКК;
Жамбыл обл. – «Жамбыл Жылу» МКК, «Таразэнергоорталық» АҚ;
Түркістан обл. – «Уранқуат» ЖШС.

Жалпы, 20-шы тамыздағы жағдай бойынша 47 ТМС тексерулермен қамтылды. Объектілерді тексеру барысында бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының уақытылы орындалмағаны анықталды, өткізілмеген конкурстық рәсімдер фактілері бар. Бұл фактілер жөндеу жұмыстары құнының қымбаттауына әкеледі.

Осыған байланысты, пайдаланылмаған қаражат тұтынушыларға табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты уақытша өтемдік тарифтерді енгізу жолымен қайтарылады. Барлық ТМС-ке конкурстық рәсімдерді алдын ала жүргізу, сондай-ақ қабылданған міндеттемелерді уақтылы және сапалы орындау қажет.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті тамыз айында жергілікті атқарушы органдармен және қоғам белсенділерімен бірлесіп тағы 40 коммуналдық кәсіпорынды тексереді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив