Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Президент Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды

22-08-2023, 09:43 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысына музейдің ашылу тарихы таныстырылды, сондай-ақ «Дьенбьенфу түбіндегі ұрыс» атты қысқаметражды деректі фильм көрсетілді. Содан кейін Президент экспонаттар қойылған залдарды аралап көрді.

Ханойдағы әскер тарихы музейі орналасқан Корольдік цитадель ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген.

Отыз залы бар әскери музейде 160 мыңға жуық жәдігер мен құжат сақталған. Олар Вьетнамның құрылу және қарулы күштерінің даму тарихымен байланысты.

Сонымен қатар музейден елдің тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда пайдаланылған соғыс машиналары мен қаруларын көруге болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив