Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

3,2 млн астам жұмыскер жазатайым оқиғалардан сақтандырылған

22-08-2023, 11:07 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 3,2 млн-нан астам жұмыскер өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды іске асыратын тиісті шарттар кәсіпорындардың 53,1 пайызында жасалған.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың осы бағыттағы жұмысты күшейту туралы тапсырмасына сәйкес өңірлердің мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы 125 мыңнан астам хабарлама жолдады. Тиісті шарттардың болмауы осы кәсіпорындарды тиісті тексерулер жүргізу үшін профилактикалық бақылау тізімдеріне автоматты түрде қосу үшін негіз болады.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті екенін естеріңізге сала кетейік.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив