Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.91 499.05 5.3

Көкпекті ауданында астық жинау науқаны басталды

22-08-2023, 12:49 Думан Кенжеғазыұлы

Ауданда алдын ала орташа өнімділік гектарына 12 ц.-ді құрады. Бүгінде ауданның егіс алқаптарынан арпа және сұлының 35%-ы жиналды.          

Биыл егістіктің құнарлылығын арттыру үшін 657,3 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды. 2023 жылы барлық дақылдардың тұқым қажеттілігі 6068 тоннаны құрады, оның ішінде: дәнді дақылдар – 3815 тонна, майлы дақылдар – 2253 тонна.

Осы жылы Көкпекті ауданы көлемінде шаруашылықтарға күзгі дала жұмыстарына 2700  тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Еске салсақ, ауданның әкімшілік шекарасы 909936,0 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 561027,1 га, елді мекен аймақтары – 129984,0 га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер – 1705,6 га.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив