Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуда

22-08-2023, 14:16 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды.

Сапар барысында ҚР Сыртқы саяси ведомствосының басшысын Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады.

Өзбекстан Президенті соңғы жылдары қол жеткізілген екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтіп, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын нығайту мақсатында Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын айтты.

Өз кезегінде М.Нұртілеу Өзбекстан басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ 2021-2022 жылдары аса жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы туралы хабардар етті.

Сол күні Қазақстан СІМ басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар қазақ-өзбек ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді».

Тараптар соңғы жылдары екіжақты қатынастар бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін мәлімдеді. Атап айтқанда, өткен жылы Одақтастық қатынастар туралы тарихи шартқа қол қойылды, үкімет, парламент және өңірлік деңгейлерде белсенді байланыстар жүргізілуде, өзара тауар айналымының көлемі рекордтық көрсеткішке – 5 млрд долларға жетті, өнеркәсіптік кооперация саласындағы бірлескен ірі жобалар табысты іске асырылуда.

Сауда, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік-логистика, су қатынастары, ауыл шаруашылығы, мәдениет, ғылым және білім салаларындағы қазақ-өзбек ынтымақтастығын кешенді дамытуға бағытталған екі мемлекет басшылары қойған міндеттерді толық іске асыруға ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты форматта және халықаралық ұйымдар алаңдарында сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға бағытталған Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Ташкент қаласының Технологиялық паркіне барып, оның қызметімен танысты, сондай-ақ қазақтың ұлы ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив