Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Магистратураның білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды

23-08-2023, 12:02 Думан Кенжеғазыұлы

Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бүгін жарияланады.
Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.

Грант конкурсының қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми сайтында және Telegram арнасында t.me/gylym_jogary_bilim  жарияланады.

Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив