Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қорғаныс министрлігінде Аумақтық қорғанысты жетілдіру мәселелері талқыланды

24-08-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштердің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заң жобасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Оған Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның және басқа да арнайы органдардың өкілдері қатысты.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысының 36-тармағын орындау үшін Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеумен айналысатын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Осы заң жобаларын сапалы және уақтылы қабылдау үшін қорғаныс саласындағы заң жобаларын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді.

Отырыста атап өтілгендей, аумақтық қорғаныс жүйесі мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық бағдарламалық құжаттарда өзектендірілген. Кездесу барысында орталық мемлекеттік органдардың «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заң жобасына, оның ішінде мемлекеттік бақылауға қатысты ұсыныстары талқыланды.

Аумақтық қорғаныс азаматтарды мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша кеңінен тартуға, сондай-ақ олардың табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, адамдардың өмірін құтқаруға қатысуға бағытталған іс-шараларды өткізуді көздейді.

Заң жобаларын қабылдау құқықтық қатынастарды реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтардың аумақтық қорғаныс саласындағы өкілеттіктері мен құқықтарын айқындауға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив