Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ҚР СІМ консулдық қызметтеріне «Қандас» ақпараттық жүйесі таныстырылды

24-08-2023, 13:42 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі консулдық қызметтерінің өкілдеріне «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін таныстырды. Жүйе қандас мәртебесін беру мен «Ата жолы» картасын ұсыну қызметін көрсетеді.

Іс-шараға Қырғызстан, Пәкістан, Грузия, Астрахань (Ресей Федерациясы), Польша, Румыния, Беларусь, Тәжікстан, Молдова, Әзірбайжан, Чехия, Өзбекстан, Франция, Австрия, Армения, Венгрия, Иран, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Берлин, Майндағы Франкфурт, Бонн (Германия), Вашингтон (АҚШ), Стамбул (Түркия) қалаларының консулдары қатысты.

«Қандас» жүйесіне барлығы 29 шетелдік мекеме қосылады.

Бүгінгі күні Австрия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Моңғолия, Мәскеу (Ресей Федерациясы) консулдықтары жүйеге қосылса, қалған елдер осы аптаның аяғына дейін қосылады.  

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив