Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай гарнизонында отбасы құндылығы насихатталды

24-08-2023, 14:05 018.kz

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің  отбасы құндылығына деген көзқарасы ерекше. Сондықтан арнайы бөлім Абай өңірлік гарнизонында «Отбасы құндылығын бірге сақтайық» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Шараның басты мейманы ретінде Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан мешітінің бас имамы Қанағат Сейтақанұлы шақырылды.  Әскери қызметшілердің отбасыларымен кездескен имам өз сөзін «Шағын отан -отбасы» баяндамасымен бастады. Сондай-ақ ол жанұяда туындайтын келеңсіз жағдайларды тізіп өтіп, олардың алдын алу қажеттігін атап өтті.

- Әскери қызметшінің жары болу ол аса ауқымды жауапкершілік. Әрдайым темірдей тәртіпке бағынып, жауынгерлік жағдайда жүретін азаматтың ішкі мейірімі ерекше жылы болады. Жалпы, ел қорғаны саналатын азаматтардың  шағын мемлекеті яғни жанұясына деген ізгі ұстанымы қашаннан алабөтен. Сондықтан мен әскери қызметшілердің отбасын сүйіспеншілікке, ізгілікке шақырамын, - деді Әлихан Бөкейхан мешітінің бас имамы Қанағат Сейтақанұлы. 

Кездесу екі бөлімді құрады. Алдымен имам жанұядағы еркек және әйел рөліне тоқталып, шараға қатысушыларға асыл дінімізден құнды мәліметтер ұсынды. Келесі бөлімде көрермен қауым кеш мейманына көкейкесті сауалдарын жолдап, көргені мен түйгені мол қонақ әр сұраққа мардымды жауап таба білді. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив