Әскери кафедралардың студенттеріне оқу жиындары өткізілді
1 маусым мен 22 тамыз аралығында «Алматы» әскери қатынастар басқармасының базасында «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті», Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және Халық шаруашылығы университеті жанындағы әскери кафедралардың студенттері үшін «әскери қатынас» мамандығы бойынша оқу-жаттығу жиындары өтті.
Аталған жиынға тіркелген жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың медициналық комиссиясынан жарамды болған, академиялық берешегі жоқ 68 студент жіберілді. Жиынға қатысушыларға нұсқаулық өткізіліп, көлік нысандарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары жеткізілді.
Сабақты «Алматы» әскери қатынастар басқармасының, Алматы қаласы халықаралық әуежайы әскери қатынастар комендатурасының офицерлері, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының, Алматы халықаралық әуежайының, ҰҚК-нің, желілік ішкі істер бөлімі және көлік логистикасының басқа да қосалқы қызметтерінің өкілдері өткізді.
Сабақ барысында өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарының жолдан шығып кетуі, теміржол құрамының апатқа ұшырауы және теміржол жолдарының қирауы кезіндегі жұмыс жүргізу тәртібі зерделенді. Бұдан бөлек локомотив және вагон шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері қарастырлды.
Әскери кафедралардың студенттері 1 Алматы станциясындағы технологиялық процестерді, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, тасымалдауды ұйымдастыруды, теміржол көлігінде әскери жолаушылар мен жүкті ресімдеу тәртібін зерделеді.
Олар Қорғаныс министрлігінің уәкілетті тұлғаларының «Қазақстан теміржолы «ҰК» АҚ және Алматы халықаралық әуежайының өкілдерімен әскери көліктер мен эшелондардан автомобиль техникасын, танктер мен оқ-дәрілерді тиеу және түсіру кезіндегі өзара іс-қимыл процесімен танысты.
Оқу бағдарламасы толық орындалды. Қызметтік, еңбек тәртібін бұзу мен жарақат алу жағдайларына жол берілген жоқ.