Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан Елшісі Хорватияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

25-08-2023, 11:47 Думан Кенжеғазыұлы

Загреб, 2023 жылғы 24 тамыз – Қазақстанның Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Камалдинов Хорватия Республикасының Президенті Зоран Милановичке Сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Хорватия мемлекетінің басшысын Қазақстандағы саяси және экономикалық трансформация аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Тараптар Қазақстан мен Хорватия арасындағы қарым-қатынастардың достық сипаты, екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің халықаралық және еуропалық тректердегі өзара іс-қимылын тереңдету бойынша дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сауда-экономикалық сала серіктестіктің басым бағыты ретінде белгіленді. Екі жақтың пікірінше, халықаралық жағдайдың құбылмалылығының артуына байланысты ынтымақтастықтың қолданыстағы тетіктерін, соның ішінде Үкіметаралық комиссия, саяси консультациялар және басқа да форматтарды тиімді пайдалану маңызды деп келісті. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қозғалды.

Жылы атмосферада өткен кездесу соңында Зоран Миланович Қазақстан халқына және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі ниетін жолдай отырып, Елшіге дипломатиялық миссиясының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив