Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

АШМ АӨК саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын әзірледі

25-08-2023, 12:44 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларының жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы 10 жылға дейін 2,5% бен 5 млрд теңгеге дейінгі ең жоғары сомамен кредиттер беру жоспарлануда.

Кредиттер үміткерлерге жаңа кәсіпорындар құру немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, оның ішінде сүт-тауар фермаларын (қуаты 400 бастан бастап), ет бағытындағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап), көкөніс қоймаларын (1000 тоннадан бастап), сондай-ақ суармалы егіншілік саласындағы (картоп, көкөністер, жемшөп өндірісі) және заманауи су үнемдеу технологияларын пайдалануды көздейтін (шашырату, тамшылатып суару) жобаларды кеңейту үшін берілетін болады.

Бағдарламаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді, ол 65 сүт-тауар фермасының құрылысын қаржыландыруға бағытталатын болады, бұл сүт өндірісін жылына 371,7 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив