Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Ақмолалық құтқарушы Түркияға көмекке аттанды

9-02-2023, 10:20 Думан Кенжеғазыұлы

18 ақмолалық құтқарушы екінші эшелон құрамында Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға аттанды.

Құтқарушылар барлық қажетті құралдармен және керек-жарақтармен жабдықталған. Өңір ТЖД бастығы атап өткендей, басты міндет – үйінділер астында зардап шеккендерді іздеу және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

«Сіздерді бауырлас халыққа барынша көмек көрсетуге аттандырамыз, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймын, ең бастысы, өздеріңізге сақ болыңыздар. Ақ жол, сапарларың оң болсын және аман-есен оралыңдар!», – деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив