Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

ҚХР-ға теміржол көлігімен астық тасымалдау 4 есе өсті

29-08-2023, 16:48 Думан Кенжеғазыұлы

2022 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы маусымға дейін Қазақстаннан Қытайға астық тасымалдау 2021-2022 жылдардағы егін тиеудің ұқсас көрсеткішіне 4 есеге - 1,1 млн тоннаға дейін өсті. Астықтың жалпы көлемінің 78%-і (844 мың тонна) контейнерлерде тасымалданды. ҚХР - ға ұнтақ өнімдерін тиеу 3 есеге - 344 мың тоннаға дейін ұлғайды, бұл көлемнің барлығы да контейнерлерде тасымалданды. Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы астық тиеу 200 есеге, ұнтақ өнімдері 6,5 есеге өсті.

Қытай тарапы Алашаңқай станциясындағы контейнерлік терминалдың жүргізіліп жатқан жаңғыртылуы туралы хабардар етті және астық тасығыштар мен жабық вагондарда астық жүктерін тасымалдау көлемін уақытша ұлғайтуды және Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы жүк ағындарын ұлғайтуды сұрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив