Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Абай облысының әкімі Конституция күнімен құттықтады

30-08-2023, 10:23 018.kz

Сіздерді Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Негізгі заң – елдегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ететін жасампаздық пен өркендеудің берік кепілі. Былтыр 5 маусым күні еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда Президенттің бастамаларына халық қолдау білдіріп, болашаққа деген сенімін көрсетті.

Қолданыстағы Ата Заңымызда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты еркіндігі, қоғамның идеологиялық және саяси әр алуандағы, экономикалық қатынастардың орнығуы әлемдік талаптарға сәйкестендірілген.

Сондықтан заң бойынша өмір сүру және еліміздің басты құжаты Конституцияны құрметтеу – әр азаматтың борышы.

Сіздерді Конституция күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін!

Ата Заңымыздың мерейі мен мәртебесі арта берсін!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив