Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қазақстанда жыл басынан бері шамамен 12000 контрафактілік өнім тәркіленді

1-09-2023, 14:13 018.kz

Бұл туралы Әділет министрлігі мен «Louis Vuitton» өкілдерінің екіжақты кездесуі барысында белгілі болды.

Кездесуге қатысушылар құқық иелерінің айрықша құқықтарын сақтаудың маңыздылығын, контрафактілік өнімдермен күресу қажеттігін атап өтті, сондай-ақ «Louis Vuitton» брендінің жалған өнімдеріне қарсы іс-қимылдың заңды және техникалық аспектілерін талқылады.

Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры Шолпан Әбдірееваның айтуынша, ағымдағы жылы әділет органдары құқық иелерінің өтініштері негізінде бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жоспардан тыс 58 тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 56 құқық бұзушылық анықталды, 54 іс қозғалды, 46 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 3 654 210 теңгені құрады. Заңсыз айналымнан 23 млн. теңгеден астам сомаға 12 мыңға жуық контрафактілік өнім алынды.

Шолпан Әбдіреева Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «Құқық иелерімен ынтымақтастық қарақшылыққа қарсы күрестің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл серіктестік бұзушылықтарға қарсы күресті күшейтіп қана қоймай, шығармашылық индустриялардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудегі бірлескен күш жігердің маңыздылығын көрсетеді», - деп, атап өтті зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар контрафактіге қарсы күресте зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері құзыретіне жататын әділет органдарының, құқық иеленушілердің және мүдделі мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын нығайту қажеттігін білдірді.

Контрафакт мәселесі және оның экономика мен қоғамға әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыру да маңызды. Екі тараптың жоспарында – Қазақстан Республикасында шығармашылық еңбектерді қорғауды нығайту және қарақшылыққа қарсы күрес үшін келесі қадамдарды әзірлеу.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив