Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Газ баллон жабдықтары орнатылған автокөліктердің 670-тен астам иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

5-09-2023, 11:25 Думан Кенжеғазыұлы

Газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұраққа қою саласындағы заңнама нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп үш күндік "ГАЗБАЛЛОН" профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Полиция, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, көліктік бақылау инспекциясы мен жұртшылық өкілдері арасынан біріккен мобильді топтар құрылып, еліміздің жолдарында және көлік тұрақтарында рейд жүргізді.

Барлығы 600-ден астам рейд жүргізіліп, нәтижесінде 679 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Профилактикалық іс-шара барысында 10 мыңнан астам адамға және тікелей 6 мыңнан астам жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жанармай құю бекеттерінде газ-баллон жабдықтын қауіпсіз пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету талаптары түсіндіріліп, сонымен қатар тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеу жұмыстары жүргізілді.

Еске сала кетсек, өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес өзге мақсаттағы кіріктірілген және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан автотұрақтар мен жабық үлгідегі үй-жайлар мен паркингтерде газ баллон жабдығымен жарақтандырылған автомобильдердің тұрағына жол берілмейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив