Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Президент отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуетімен танысты

5-09-2023, 18:21 Думан Кенжеғазыұлы

Оқу-жаттығу жиыны барысында Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының қару-жарақ пен әскери техника шығару және жөндеу мүмкіндіктері таныстырылды.

Атап айтқанда, далада ұйымдастырылған арнайы алаңқайда Орталық Азия аймағындағы бронды техникаларды жөндеуге маманданған жалғыз «Семей инжиниринг» (Семей) зауыты бронды жөндеу-эвакуациялық транспорттау машинасын пайдалана отырып, ұрыста зақымданған техниканы қайта қалпына келтіру барысын көрсетті.

«Navyco» компаниясының өкілі (Астана) бронды техниканы қалпына келтіруге арналған агрегаттардың дала жағдайында  қалай ауыстырылатыны, ал «КамАЗ Инжиниринг» (Көкшетау) және «№405 авиажөндеу зауыты» (Алматы) кәсіпорындары әскери техниканы құрастыру, қалпына келтіру мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді.

Көрмеге Қазақстан мен Түркияның «Қазақстан Aselsan инжиниринг» (Астана) бірлескен кәсіпорны, «Восток Полимер Снаб» ЖШС (Өскемен), «Universal-Build» ЖШС (Алматы), «Energy General» ЖК (Алматы)  және басқа да кәсіпорындардың өнімдері қойылды.

Бұдан бөлек,  Президентке түркиялық «Оtakar» компаниясы шығаратын ARMA  бронды машинасының су кедергілерінен өту мүмкіндіктері таныстырылды.

Көрмені аралап көрген Мемлекет басшысы отандық қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетін арттыру маңызды екенін атап өтті.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив