Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Еліміздің 150 мыңнан астам оқушылары оқу жылын жөндеуден өткен ғимараттарда бастады

6-09-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Еліміздің 150 мыңнан астам мектеп оқушысы жаңартылған ғимараттарда білім алуда. 2023-2024 оқу жылында барлығы 260 білім беру ұйымы күрделі жөндеуден өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңадан 1000 пән кабинеті ашылады. Сондай-ақ, шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерімен жабдықтау, мектеп жиһаздарын, кітапханаларды, асханаларды жаңарту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Еске салайық, Қазақстанда жаңа оқу жылында 55 мың орындық 39 жаңа мектеп ашылды. Еліміздің 194 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептердің мәселесін шешеді.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу жоспарланып отыр. Айта кету керек, мемлекет жыл сайын мектеп салу мен жаңғыртуға қаржы бөліп келеді. Тек соңғы үш жылда 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив