Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Мемлекет басшысы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовті қабылдады

7-09-2023, 09:18 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесу барысында Президент су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Орталық Азия елдерімен өзара іс-әрекетті жолға қою маңызды екенін атап өтті.

Министрлікке су шаруашылығы инфрақұрылымдарын кең көлемде жаңғырту, суды есептеу және бөлу жүйесін цифрландыру міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімсіз пайдалануға және гидротехникалық нысандардың әбден тозуына қатысты мәселелерді шешу үшін жаңа Су кодексін уақтылы қабылдау қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру және министрлікке қарасты ұйымдарды трансформациялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив