Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Алматыда KazHackStan 2023 халықаралық практикалық конференциясы өтеді

8-09-2023, 15:48 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолдауымен киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне арналған KazHackStan 2023 халықаралық практикалық конференциясы өтеді, ол 2023 жылғы 13-15 қыркүйек аралығында Алматы қ., Қазақстан (Абай даңғылы, 90 мекенжайы бойынша) бірқатар елдердің мемлекеттік реттеушілерінің, шетелдік сарапшылардың, киберқауіпсіздік саласындағы тәжірибелі мамандардың қатысуымен өтеді.

Іс-шара аясында ҚР ЦДИАӨМ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бойынша ведомствоаралық консультацияларын ұйымдастырады, онда Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру жөніндегі бастамасы талқыланады.

Сонымен қатар, Министрлік «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ-мен бірлесіп KazHackStan халықаралық конференциясы аясында оқыту/воркшоп өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, ақпараттандырудың маңызды объектісіне еліктейтін киберполигон және қорғау саласындағы заманауи шешімдерді көрсету үшін көрме аймағы ұйымдастырылатынын атап өткен жөн (толығырақ ақпарат https://kazhackstan.com).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив