Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ерлан Нұрпейісов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

12-09-2023, 10:16 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Садкенұлы Нұрпейісов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Нұрпейісов 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

ҚР ІІМ Алматы техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы ІІБ өрт сөндіру бөлімінің дайындық және өрт сөндіру қызметі, өрт техникасы және байланыс құралдары бөлімінің инженері болып бастады.

1993-1997 жылдары — ШҚО ІІБ жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің инженері, аға инженері.

1997-2000 жылдары — ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің аға инженері.

2000-2002 жылдары — ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Жедел басқармасы өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің аға инженері.

2002-2005 жылдары — ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасының жедел басқармасы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

2005-2006 жылдары — ШҚО Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметін үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары.

2006-2007 жылдары — ШҚО Өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары.

2007-2012 жылдары — ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысы.

2012-2018 жылдары — Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

2018-2020 жылдары — Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив