Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әскери комиссариаттардан – «Сандық әскери басқару органдарына» дейін

13-09-2023, 12:20 Думан Кенжеғазыұлы

12 қыркүйек – жергілікті әскери басқару органдарының құрылған күні. Бұл күн еліміз үшін 1991 жылдан бастап, әскери комиссариатқа Республикалық орган мәртебесін беру және оған республиканың барлық әскери комиссариаттарын бағындыру туралы Қазақ КСР Президентінің Жарлығы күшіне енген кезден бастап атаулы күн болды.

Кәсіби мерекеге орай Астанада өткен салтанатты жиналыста Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары ардагерлерінің көп жылдық елеулі еңбегін атап өтті.

Қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтаған ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов жергілікті әскери басқару органдарының ұйымдық-штаттық құрылымын жетілдіру жалғасып жатқанын атап өтіп, елдің қорғаныс қабілетін нығайту ісіне қосқан үлесі үшін барша қызметкерлерге алғысын білдірді.

 – Алдағы уақытта да жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы жүктелген міндеттерді адал әрі тиімді орындайтынына сенімдімін, – деп атап өтті генерал-майор Бауыржан Артықов.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер Қарулы күштердің ажырамас бөлігі бола отырып, еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жүйесінде маңызды рөл атқарады. Жергілікті әскери басқару органдарының мекемелерінде әскерлер мен әскери оқу орындарын жасақтау бойынша жұмыстар үзілмейді, әскери оқытылған резервті есепке алу және даярлауды ұйымдастыру жүргізіледі, офицерлер өскелең ұрпақ ортасында әскери-патриоттық жұмыспен айналысады.

Тәуелсіздік жылдарында мерзімді әскери қызметке миллионнан астам қазақстандық шақырылды. 60 000-нан астам әскери міндеттілерді тарта отырып, әскери жиындар өткізілді. 11 000-нан астам курсант әскери оқу орындарына қабылданды. Әскери-техникалық мектептің филиалдарында қарулы күштер үшін 30 000-нан астам маман оқытылды. Сонымен бірге 55 000-нан астам әскери дайындық резерві дайындалды.

Жергілікті әскери басқару органдарын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған перспективалық жоспарына сәйкес азаматтармен өзара іс-қимыл процестерін автоматтандыру қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігі көрсететін 15 мемлекеттік қызметтің тоғызын қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер орындайды. 2012 жылдан бері екі жарым миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Цифрлық ресурстарды тарта отырып, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүзеге асырылады, әскери міндеттілерді әскерге шақыруды кейінге қалдыру және босату туралы хабардар етеді, әскери есепке алу және әскерге шақыру мәселелері бойынша әкімшілік заңнаманың сақталуына бақылау жүргізеді.

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға анықтама беру, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жою, интернационалист-жауынгерлерге әскери қызмет өткергенін растау және оған қатысы туралы, елден тыс жерге тұрақты тұруға кететін азаматтарға анықтама беру сияқты қызметтерді пилоттық режимде іске қосу мәселесі зерделенуде.

Биыл «E-gov» порталындағы жеке кабинетте азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды электрондық форматқа ауыстыру жоспарланған. Бұл ішкі көші-қон кезінде азаматтарды әскери есептен шығару және қою қажеттілігін болдырмайды.

Жергілікті әскери басқару органдары халықпен үнемі байланыста. Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін әлеуметтік желілерде олардың бірінші басшыларының ресми аккаунттары құрылды. Еліміздің барлық өңірлеріндегі қорғаныс істері жөніндегі мекемелер Қарулы күштердің келбетіне айналды десе болады. Өйткені дәл осы жерде азаматтардың әскер қатарына кіру жолы басталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив