Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Мемлекет басшысы Қатардың Power International Holding компаниясының иелері Рамез Әл-Хаят пен Муатаз Әл-Хаятты қабылдады

13-09-2023, 13:21 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесу барысында Президент еліміздің Таяу Шығыстағы стратегиялық серіктесі саналатын Power International Holding компаниясы Қазақстан мен Қатар арасындағы экономикалық байланыстарды жолға қою ісіне тың серпін беретінін атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде энергетика және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, девелопмент-жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау бағыттарындағы қарым-қатынастардың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту бойынша Қазақстанда кешенді шаралар қабылданып жатқанын және шетелден тікелей инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив