Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жылу желілерін жөндеу жұмыстары 85%-ға орындалды

20-09-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Үкіметінің отырысында Абай облысының алдағы жылыту маусымына дайындығы талқыланды. Қазіргі уақытта жылу желілері мен жылу көздерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын.

Тозығы жеткен жылу желілерін ауыстыруға 23,9 млрд теңгеге бөлінген. Жөндеу жұмыстары 85% орындалып, осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған.

Облыс көлемінде жылыту маусымына 1,245 млн тонна (тұрғындарға – 567,9 мың тоннаны, орталықтандырылған жылу көздеріне – 595,4 мың тоннаны, бюджеттік ұйымдарға – 84,5 мың тоннаны) көмір қажет. Қазіргі уақытта өңірде ЖЭО мен жылу көздерінде 48 мың тонна көмір немесе нормативтік пайдалану қорының 181%-ы бар.

Тұрғындар қажетті қатты отынның 34%-мен қамтамасыз етілген. Халыққа және бюджеттік ұйымдар үшін отынды уақытылы жеткізу жолдары толығымен қарастырлыған.

Семей қаласындағы «Ғаббасов» қазандығындағы жөндеу жұмыстарын 30 қыркүйекте аяқтау жоспарланған. Мұнда қуаттылығы сағатына 20 Гкал болатын қосымша №4 қазандықты орнату аяқталды, қазір іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«№2, №3 қазандықтардың дайындығы 80%-ды құрайды және жылыту маусымының басында бұл қазандықтар дайын болады. №1 қазандық резервтік болып табылады, ол 30 қазанға дейін іске қосылады. Жылыту маусымына дайындық менің жеке бақылауымда», - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Абай облысында алдағы жылыту маусымына дайындықтың жалпы процесі бекітілген жоспарға сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив